Оқу уақыты: 1 мин

«Ванкувер Уайткэпс» Мессиді жарыс жолынан шығарды

Месси Интер

Канада клубы КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интер Майамиді» тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.

Алғашқы кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жеткен «Уайткэпс» жауапты ойында да үстемдік танытты — Лионель Месси бастаған команда өз алаңында 1:3 есебімен жеңілді. Екі ойын қорытындысы бойынша есеп 5:1.

Жорди Альба матч басында есеп ашқанымен, канадалықтар жылдам ес жиды. Екінші таймда Брайан Уайт, Педро Вите және Себастьян Берхалтер қарсылас қақпасына гол соғып, айқын басымдықпен жеңісті қорытындылады.

«Клуб тарихында алғаш рет жартылай финалға шыққанымызбен, жеңіліс өте ауыр тиді. Біз финалға өтуді армандадық. Енді күшімізді MLS-ке саламыз», — деді «Интер Майамидің» бас бапкері Хавьер Маскерано.

Финалда «Ванкувер Уайткэпс» «Крус Асуль» — «УАНЛ Тигрес» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Канадалық клуб КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының шешуші ойынына шыққан тарихтағы алғашқы ұжым атанды.