28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Ванкувер» көшбасшысы жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер барысына наразы

Sportsnet мәліметі бойынша,  «Ванкувер» шабуылшысы Брок Босер клубпен келісімшартты ұзарту туралы келіссөздер барысына көңілі толмайтынын білдірді.

Биылғы маусымда 28 жастағы шабуылшы әртүрлі нәтиже көрсетуде, тұрақты чемпионаттың 51 ойынында 35 ұпай (18 шайба, 17 пас) жинады алайда оның пайдалылық көрсеткіші минус-18 болып командадағы ең нашар көрсеткіш болып табылады.

Босердің «Кэнакспен» қазіргі келісімшарты 2025 жылдың маусым айының соңында аяқталады. Ойыншының ағымдағы кэпхиті маусымына 6,65 млн долларды құрайды.

«Мен бұның бизнес екенін түсінемін. Өзімді адал ойыншы деп санаймын және бұл өзі-ақ көп нәрсені айтып тұр бірақ шындық осындай… Ештеңе болмай жатқаны көңілге кірбің ұялатады» — деді хоккейші.

«Әрине бәрі менің қолымда емес. Мен көбірек гол соғып пас бере аламын, мүмкін бұл жағдайды өзгертер. Қазір командаға жеңіске жетуге көмектесуге көңіл бөлуге тырысып жатырмын» — деп қосты Босер.