13.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ван Дейк «Ливерпульдегі» болашағы туралы пікір білдірді

Фабрицио Романоның мәліметінше, «Ливерпуль» капитаны Вирджил ван Дейктің  келісімшарты үш айдан кейін аяқталады — клубтағы болашағы әлі белгісіз.

Нидерланд қорғаушысы қалыптасқан жағдай туралы ашық айтты:

Келесі маусымда не болатынын білмеймін. Егер біреу білетінін айтса, олар сізге өтірік айтады. Ештеңе тоқтатылған жоқ. Мен бұрын айтқанмын: жаңалықтар болса – білетін боласыздар. Әзірге мен өзім де білмеймін

33 жастағы футболшының мерсисайд клубымен қазіргі келісімшарты маусым айының соңына дейін, содан кейін ол еркін агент бола алады.