11.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Valorant бойынша Esports World Cup 2025 жартылай финалистері анықталды

Valorant бойынша Esports World Cup 2025 жартылай финалистері анықталды

Valorant бойынша Esports World Cup 2025 ширек финалында — Paper Rex, Fnatic, Gen.G Esports және Team Heretics турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Бірінші матчтар сериясында Paper Rex Sentinels командасын жеңсе, Fnatic Karmine Corp командасынан басым түсті. Ойын күнінің екінші бөлігінде Gen.G Esports NRG командасын ұтса, Team Heretics BBL Esports құрамасын жеңді.

Жартылай финалдық кездесулер 12 шілдеде өтеді — Paper Rex Fnatic командасымен, ал Gen.G Esports Team Heretics құрамасымен кездеседі. Жүлде қоры $1,25 млн құрайтын турнир Сауд Арабиясында 8-13 шілде аралығында 16 команданың қатысуымен өтуде.

Выигрывайте FreeBets и призы от лучшего букмекера по киберспорту Parimatch