11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Валерий Рахимжан нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде иеленді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Валерий Рахимжан нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде иеленді

Қазақстандық мерген Валерий Рахимжан 10 метрге пневматикалық тапаншамен атудан өткен Әлем кубогы кезеңінде ел намысын сәтті қорғап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Финалдық кезеңде спортшымыз 241.9 ұпай жинап, жарысты екінші орында аяқтады. Бұл нәтижесі оған күміс медаль әперді.

Аталған бағдарламада Қытай өкілі Ху Кай 242.3 ұпаймен жеңімпаз атанды. Қола жүлде неміс мергені Кристиан Райцқа бұйырды — оның көрсеткіші 220.8 ұпай.