05.02.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Валенсия – Барселона: Испания Кубогына болжам (07.02.2025)

7 ақпанда, Астана уақытымен 1:30-да Валенсиядағы «Месталья» стадионында жергілікті клуб Испания кубогының 2024/25 маусымының ширек финалында каталондық «Барселонаны» қабылдайды.

«Жарқанаттар» кубоктық жарысты 1/64 финалдан бастады және осы уақытқа дейін «КП Парла» (1:0), «Эхеа» (3:1), «Эльденсе» (2:0) және «Оренсе» (2:0) клубтарын жарыс жолынан шығарды.

Каталондықтар кубокта толық күш салып ойнап жатыр, сондықтан «Валенсия» – «Барселона» матчында букмекерлердің болжамы біржақты. Жергілікті команда аутсайдер саналады – олардың негізгі уақытта жеңісіне 7.50, жартылай финалға шығуына 4.75 коэффициент берілген. Ал қонақтарға бұл көрсеткіштер сәйкесінше 1.43 және 1.21. «Барселонаның» алдыңғы кезеңдерде қанша гол соққанын ескерсек, бұл матчта да нәтижелі ойын күтілуде. Жалпы есеп 2.5 голдан көп болады деген болжамға 1.51 коэффициент ұсынылған.

Валенсия

Карлос Корберанның қоластындағы «Валенсия» әзірге Ла Лигадағы орнын сақтап қалудан үміт үзген жоқ. Соңғы үш турда алты ұпай жинады – «Реал Сосьедадты» (1:0) және «Сельтаны» (2:1) жеңді. Осы жеңістерден кейін жанкүйерлер клубтағы жағдайдың соншалықты мүшкіл еместігіне сенім арта бастады.

Алайда болашақ кубоктық қарсыласына «Валенсия» сырт алаңда 1:7 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл нәтиже қос команданың деңгейіндегі айырмашылықты дәл көрсетіп тұр.

Барселона

Ханси Фликтің шәкірттері үш турнирде қатарынан, жаңа жылдың алғашқы айында тоғыз матч өткізіп үлгерді және бірде-біреуінде жеңілген жоқ. Ла Лигада «Реалдан» төрт ұпайға қалып келеді, оған кейбір сәтсіз тең ойындар себеп болды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде екінші орын алып, бірден 1/8 финалға өтті. Ал Испания кубогында әзірге қарсыластарына мүмкіндік берер емес.

Қарбалас кестенің салдарынан командада жарақат алған ойыншылар көбейді. Алдағы апталарда Дани Ольмо, Гави және Марк Берналь алаңға шыға алмайды. Соған қарамастан, каталондықтар бұл ойында міндетті түрде жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алуы тиіс.

Статистика және жеке кездесулер

Соңғы он өзара кездесудің сегізінде «Барселона» жеңіске жетсе, екі матч тең аяқталған.

Болжам

Қалай болғанда да, бұл ойында каталондықтар басымдық танытады. Соңғы үш кездесуде «Барселона» бұрыштамалар бойынша айқын басым болды – 15:1, 8:3, 14:4. Сондықтан «Барселонаның» бұрыштамалар бойынша -1.5 форасымен жеңісіне 1.66 коэффициентпен бәс тігуге болады.