25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Вахид Масудов «Жетісу» командасына бапкер болуы мүмкін

Вахид Масудов «Жетісу» командасына бапкер болуы мүмкін

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Вахид Масудов Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкер лауазымына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

66 жастағы маманды клуб маусым соңында қызметінен кеткен Самат Смақовтың орнына басты үміткерлердің бірі деп санайды. Өткен чемпионатта «Жетісу» Премьер-Лигадағы орнын сақтап, 12-орынға табан тіреді.

2025 жылы Масудов «Алтайды» басқарды, онымен бірге Бірінші лигада үшінші орын алып, жоғарғы дивизионға шықты.