Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Вагнер Лав Қазақстанға қайта оралуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав Қазақстан чемпионатына қайта келуі мүмкін. Бұл туралы оның агенті Эвандро Феррейра мәлімдеді.

Агенттің айтуынша, Вагнердің қазіргі клубы — «Аваи» (Бразилия), және футболшының келісімшарты 2024 жылдың мамыр айында аяқталады. Қазіргі уақытта олар бірнеше ұсынысты қарастырып жатыр, оның ішінде Қазақстан мен Ресей клубтары да бар.

Айта кетейік, Вагнер Лав 2020–2022 жылдар аралығында «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған еді. Тәжірибелі шабуылшының Қазақстанға қайта оралуы ел чемпионаты үшін қызықты оқиға болмақ.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!