20.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев WTT YOUTH STAR CONTENDER TUNIS турнирінің қола жүлдегері атанды

IMG 9064

Қазақстандық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунистегі WTT Youth Contender Tunis халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста ел намысын қорғады. Нәтижесінде Алан Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.

Алан Құрманғалиев турнир барысында Италиядан барған Данило Фасоны 3:0, польшалық Рафаэль Формеланы 3:1, Ян Мругалды 3:0, чехиялық Степан Брельді 3:1 және Бельгия спортшысы Том Клоссетті 3:1 есебімен жеңді.

Алайда, жартылай финалда ол румыниялық Юлиан Чиритуден 0:3 есебімен ұтылып, қола жүлдегер атанды.