Оқу уақыты: 1 мин

Усик қарсыластарынан өзінің ерекше артықшылығы туралы айтты

Усик қарсыластарынан өзінің ерекше артықшылығы туралы айтты

Ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы Александр Усик Пирс Морганға берген сұхбатында — қарсыластарынан өзінің ерекше артықшылығы туралы әңгімеледі.

«Джошуа, Миллер, Хргович – мықты жауынгерлер. Бірақ мен Энтони емес, Миллер емес, Хргович емес. Мен жай ғана Александр Усик, ақ қоянмын. Мені ерекше ететін не? Менің тістерім әдемі. Джошуа, Миллер және Хрговичте мұндай жоқ. Әдемі тістер әке-шешемнен берілген. Бір жас екі айлық кішкентай қызымда да дәл осындай», — деді украиналық боксшы.

Усиктің келесі жекпе-жегі 19 шілдеде өтеді — чемпион Даниэль Дюбуамен ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы үшін реванш өткізеді.