07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

US Open турнирінің жеңімпазы анықталды

US Open турнирінің жеңімпазы анықталды

Беларусь теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко әйелдер арасындағы жекелей сында 2025 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нью-Йоркте өткен US Open финалында Сабаленка америкалық Аманда Анисимованы екі сетте жеңді.

1 сағат 36 минутқа созылған кездесу 6:3, 7:6 (7:3) есебімен аяқталды.

Соболенко АҚШ ашық чемпионатында екінші жыл қатарынан жеңіске жетті.

Жалпы алғанда, 27 жастағы беларусь «Үлкен дулыға» турнирлерінде жекелей сында төрт рет жеңіске жетті.