01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

US Open: Рыбакина өзінен 50 орын төмен тұрған теннисшіден жеңілді

US Open: Рыбакина өзінен 50 орын төмен тұрған теннисшіден жеңілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) US Open турнирінің 1/8 финалдық кездесуінде чехиялық Маркета Вондроусовадан (60-орын) күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина бұл кездесуде айқын фаворит саналды, бірақ қарсыласқа үш сетте есе жіберді — 4:6, 7:5, 2:6. Осылайша Елена US Open турнирінің ширек финалына өте алмады.

Бұған дейін 2025 жылғы АҚШ ашық чемпионатында Елена Рыбакина америкалық Джульетта Парежаны (335-орын) — 6:3, 6:0, чех Тереза ​​Валентованы (96-орын) — 6:3, 7:6 — және британдық теннисші Эмма Радукананы (36-орын) — 6:1, 6:2 есебімен ұтты.