22.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

US Open-2025: Рыбакина титул жолындағы ықтимал қарсыластары белгілі

US Open-2025: Рыбакина титул жолындағы ықтимал қарсыластары белгілі

Нью-Йоркте әйелдер арасындағы 2025 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жарысқа тоғызыншы нөмірмен қатысады. Төменде Рыбакинаның турнир титулына жету жолындағы ықтимал жолын көре аласыз.

— бірінші кезең: Джульета Парежа (АҚШ);

— екінші айналым: Люсия Бронзетти (Италия);

— үшінші айналым: Вероника Кудерметова (Ресей, 24);

— төртінші раунд: Жасмин Паолини (Италия, 7);

— ширек финал: Арина Соболенко (Беларусь, 1);

— жартылай финал: Джессика Пегула (АҚШ, 4);

— финал: Ига Свитек (Польша, 2).

Әйелдер арасындағы US Open турнирінің негізгі жеребесі 24 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді.