Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Унаи Эмери: «Парижге Чемпиондар лигасы аясында оралу — мен үшін мақтаныш»

«Астон Вилла» бас бапкері Унаи Эмери Пари Сен-Жерменмен өтетін Чемпиондар лигасының ширек финалдық матчі қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізіп, париждік клубпен өткен кезеңін жылы еске алды.

«ПСЖ-да алған тәжірибем үшін өте ризамын. „Астон Вилламен“ Чемпиондар лигасында Парижге қайта оралғаныма мақтанамын», — деді испандық маман.

Париждік клубтың қазіргі әлеуеті туралы айта келе, Эмери ПСЖ-ны турнирдің басты фавориттерінің бірі деп атады:

«Олар „Ливерпуль“, „Реал“, „Барселона“ сияқты ұжымдарға қарсы матчтарда жоғары деңгей көрсетті. Сондықтан ПСЖ — Чемпиондар лигасының басты үміткерлерінің бірі», — деді ол.

Бас бапкер қақпашы Эмилиано Мартинестің прогресіне де жеке тоқталды:

«Ол әлдеқайда кемелденді, жауапкершілігі артты. Қазір бұл мүлде басқа Эми — эмоцияларын бақылауды үйренген, сенімді қақпашы және көшбасшы», — деді Эмери.

Сондай-ақ, ол әріптесі Луис Энрике туралы жылы пікір білдірді:

«Ол — әлемдегі үздік жаттықтырушылардың бірі. Оның командалары әрдайым тактикалық жағынан мықты, прессингке өте талапшыл әрі әр эпизодта агрессиямен ойнайды», — деп түйіндеді сөзін Эмери.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!