14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» сырт алаңда «Атырауды» жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ұлытау» сырт алаңда «Атырауды» жеңді
Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турында «Атырау» өз алаңында лиганың жаңа командасы «Ұлытауды» қабылдады. Кездесу 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Матч тағдырын 21-минутта Жасұлан Молдақараевтың соққан жалғыз голы шешті. Шабуылшы жылдам шабуылды сәтті аяқтап, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Алаң иелері екінші таймда есепті теңестіруге тырысқанымен, нақты қауіпті шабуыл жасай алмады. Ойынның бірінші бөлігінде-ақ «Ұлытау» ойыншысы Бекжан Рзатаев қызыл қағаз алып, командасын аз құрамда қалдырған еді (43’). Соған қарамастан, қонақтар берік қорғанып, жеңісті сақтап қалды.

Матч барысында бірнеше ескерту де тіркелді. «Атыраудан» Джуматов, Асқаров және Сағнаев сары қағаз алса, қонақтардан Непогодовқа (90+3’) ескерту көрсетілді.120:03