09.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» «Қызылжардан» соңғы минуттарда ұпай алып кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ұлытау» «Қызылжардан» соңғы минуттарда ұпай алып кетті

Жезқазғанда өткен Премьер-лиганың 20-туры аясында «Ұлытау» өз алаңында «Қызылжарды» қабылдады. Қонақтар кездесуді қарқынды бастап, 4-минутта Тоқтар Жаңғылышбайдың дәл соққысымен алға шықты.

Ойынның қалған бөлігінде екі команда да мүмкіндіктерін іздеді. Тек 85-минутта ғана Абзал Таубай таразы басын теңестіріп, алаң иелеріне маңызды ұпай сыйлады — 1:1.

Бұл тең нәтижеден кейін «Қызылжар» 20 ұпаймен турнир кестесінің ортасында тұр. Ал «Ұлытау» 14 ұпаймен 12-орында келеді.