23.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» қақпашысымен келісімшарт мерзімін ұзартады

«Ұлытау» қақпашысымен келісімшарт мерзімін ұзартады

Қақпашы Дмитрий Непогодов «Ұлытаумен» келісімшарт мерзімін ұзартады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ЭльдарАманбаевқа сілтеме жасап.

«Осы маусымдағы статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан Премьер-лигасының ең үздік қақпашыларының бірі Дмитрий Непогодов «Ұлытаумен» келісімшартын ұзартады».

Өткен маусымда қазақстандық азамат клуб сапында 23 ойын өткізіп, команданың Қазақстан Премьер-лигасында қалуына елеулі үлес қосты.

37 жастағы қақпашының Қазақстан Премьер-лигасында мол тәжірибесі бар. Бұған дейін Непогодов «Тобыл», «Ордабасы» және «Астана» сапында ойнаған», — деп жазды журналист өзінің Telegram арнасында.