24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» өз алаңында «Ордабасыны» тізе бүктірді 

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ұлытау» өз алаңында «Ордабасыны» тізе бүктірді 

Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында Жезқазғанның «Ұлытауы» үйде «Ордабасыны» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Матч қарқынды басталды: 10-минутта Дмитро Юсов есеп ашты — 1:0. Екінші таймда қонақтар қысымды күшейтіп, 76-минутта Зикрилло Сұлтаниязов таразы басын теңестірді — 1:1. Алайда араға үш минут салып, 79-минутта Георгий Бугулов бұрыштан келген допты баспен қақпаға дәл бағыттап, «Ұлытауға» жеңіс сыйлады — 2:1. 90+4-минутта Молдақараевтың пенальтиі бағанадан қайтты.

Қорытынды: «Ұлытау» — «Ордабасы» 2:1 (1:0)
Голдар: Юсов 10 (1:0), Сұлтаниязов 76 (1:1), Бугулов 79 (2:1)
Орындалмаған пенальти: Молдақараев 90+4 (бағана)

Осы нәтижеден кейін «Ұлытау» 17 ұпаймен турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. «Ордабасы» — 28 ұпай, 8-орын.