27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» өз алаңында 3 айдан кейін жеңіліп қалды

«Ұлытау» өз алаңында 3 айдан кейін жеңіліп қалды

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында Жезқазғанның «Ұлытауы» өз алаңында «Атыраумен» кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz

Қожайындардың тізімінде белгісіз себептермен көшбасшылар Дмитро Непогодов пен Котаро Киши алаңға шықпады. Әйтсе де алаң иелері 15-минутта-ақ Демият Сламбеков көмегімен есеп ашты.

Бірінші таймда жезқазғандықтар алда тұрғанымен, үзілістен кейін жағдай күрт өзгеріп кетті. Алдымен 56-минутта бас төреші Ярослав Тереховқа тікелей қызыл қағаз көрсетті. Бұдан соң қонақтар басымдықты толықтай пайдаланып, жауапсыз 5 гол соқты. Қорытынды есеп: 1:5.

«Ұлытау» — «Атырау» 1:5 (1:0)

Голдар: Сламбеков 16 (1:0), Дорофеев 63 (1:1), Труфанов 67 (1:2), Дорофеев 80 (1:3), Юденков 83 (1:4), Згурский 84 (1:5)

Қызыл қағаз: Терехов 56.

Осы жеңістің арқасында «мұнайшылар» көш соңындағы орнынан құтылып кетті.