18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» мен «Қайсар» тең ойнады

«Ұлытау» мен «Қайсар» тең ойнады

Қазақстан Премьер-лигасының 25-турында жезқазғандық «Ұлытау» қызылордалық «Қайсармен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Металлург» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Алғашқы таймда командалар өзара гол алмасты. Айып алаңына жасалған пастан кейін Димаш Серікұлы есеп ашты, алайда көп ұзамай алаң иелері Багдат Данияровтың дәл соққысымен таразы басын теңестірді. Екінші таймда ойын қарқыны бәсеңдеп, гол соғылған жоқ.

Осы турдан кейін «Ұлытау» 22 ұпаймен турнир кестесінде оныншы орында, ал «Қайсар» 21 ұпаймен бір саты төмен орналасқан.