12.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» мен «Елімай» ҚПЛ матчында жеңімпазды анықтай алмады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ұлытау» мен «Елімай» ҚПЛ матчында жеңімпазды анықтай алмады

Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында Жезқазғанның «Ұлытауы» мен Семейдің «Елімайы» тең ойнады. 12 шілдеде өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойын басталған сәттен-ақ екі команда да белсенділік танытып, ойын тізгінін алма-кезек өз қолына алып отырды. 45-минутта «Ұлытау» сапындағы жапондық жартылай қорғаушы Котаро Киши әдемі соққымен есеп ашты. Бұл гол — оның Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голы.

Екінші таймда «Елімай» шабуыл қарқынын арттырып, пенальтиден есепті теңестірді.

Матч қорытындысы бойынша «Ұлытау» 13 ұпай жинап, турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалып отыр. Ал «Елімай» 25 ұпаймен бесінші орында келеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!