26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» маусымның екінші бөліміне жапониялық пен грузиялық ойыншыны қосты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ұлытау» маусымның екінші бөліміне жапониялық пен грузиялық ойыншыны қосты

«Ұлытау» футбол клубы жазғы трансферлік терезеде екі шетелдік жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырғанын хабарлады. Жезқазғандық ұжым құрамын грузиялық Пируз Мараквелидзе мен жапондық Котару Киси толықтырды.

Грузиялық ойыншы клубпен 2025 жылдың соңына дейін келісімге келді. Бұған дейін ол Грузия чемпионатында «Телави» клубында өнер көрсеткен. «Ұлытауда» Мараквелидзе 30-нөмірмен ойнайды.

Киси де маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Ол Қазақстанға дейін Черногорияның Бар қаласындағы «Морнар» клубында ойнаған. Жапон ойыншысы «Ұлытауда» 7-нөмірді таңдады.

ҚПЛ-дің 13 турынан кейін «Ұлытау» 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орында тұр.