20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» бүгін «Ақтөбені» қабылдайды

«Ұлытау» бүгін «Ақтөбені» қабылдайды

Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 18-туры Жезқазғанда өтеді. Бүгін, 20 қыркүйекте сағат 16:00-де жергілікті «Ұлытау» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.

Қонақтар 22 ойында 39 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. Еурокубокқа жолдама алу үшін «Ақтөбеге» жеңіс ауадай қажет. Ал 22 ойында 18 ұпай еншілеген «Ұлытау» 12-орында келе жатыр. Жергілікті команда соңғы орынға түсіп қалмау үшін ұпай қорын толықтыруға мүдделі.