30.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» бас бапкері нәтижесіз маусым басталғаннан кейін командадан кетті

«Ұлытау» бас бапкері нәтижесіз маусым басталғаннан кейін командадан кетті

«Ұлытау» футбол клубының баспасөз қызметі бас бапкер Иван Азовскиймен келісімшартты бұзу туралы хабарлады.

Команда жетекшісімен бірге оның көмекшісі Александр Фамильцев те кетеді — мамандардың орнын кімдер басатыны әзірге белгісіз.

Жезқазған клубы қиын кезеңді бастан кешуде — команда ҚПЛ турнирлік кестесінде 12-орында тұр, 12 ұпай жинап, төменгі лигаға түсу аймағынан бір ұпай ғана алда келеді.

Иван Азовский қазақстандық жанкүйерлерге елдің жетекші клубтарындағы жұмысымен танымал:

  • «Астана»
  • Қарағанды «Шахтері»
  • «Атырау»
  • «Ақтөбе»
  • Талдықорған «Жетісуы»