19.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ұлытау» клубы жаңа ойыншымен толықты

«Ұлытау» клубы жаңа ойыншымен толықты

KazFootball.kz мәліметі бойынша, Жезқазғанның «Ұлытау» футбол клубы жаңа ойыншы Ярослав Тереховпен келісімшарт жасасты.

Терехов «Милсамиде» екі маусым өткізді. Оның статистикасы:

  • 54 матч
  • 2 гол

Украиналық жартылай қорғаушы «Ұлытау» сапында командаға қаншалықты көмектесе алатыны алдағы маусымда белгілі болады.