20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ұлттық құраманың экс-боксшысы Ливерпульдегі Әлем чемпионатын қортындылады

Ұлттық құраманың экс-боксшысы Ливерпульдегі Әлем чемпионатын қортындылады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-боксшысы Армат Арманұлы Pulse Fighting ютуб арнасына берген сұхбатында Ливерпульдегі әлем чемпионатында өнер көрсеткен боксшылар жайында өз пікірімен бөлісті.

«Жігіттер де, қыздар да өте керемет нәтиже көрсетті. Қайрат Сәтжановтың ең керемет нәтиже көрсеткен турнирі осы болды. Бүкіл әлем бойынша нөмірі бірінші болу деген бұл жаңа рекорд. Өйткені балалардың бұлай нәтиже көрсетпегеніне біраз болды. Өзім де ұлттық құрама үшін қуаныштымын».

Айта кетейік, Армат осыдан бір жыл бұрын ұлттық құрамадан өз еркімен қош айтысып, қазіргі таңда кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр.