23.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ұлттық құраманың бас бапкері 54 келідегі бірінші нөмірлі боксшыны атады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ұлттық құраманың бас бапкері 54 келідегі бірінші нөмірлі боксшыны атады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 54 келі салмақ дәрежесіндегі ішкі бәсекеге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл салмақта бірінші нөмірлі боксшы — Махмұд Сабырхан.

«Сәкен Бибосынов — екінші нөмірлі боксшы. Бірақ оның қазіргі формасы өте жоғары. Махмұд — негізгі үміт, дегенмен бәсеке күшейіп келеді. Екі боксшының мықтысы бұл мүмкіндікке ие болады», — деді Айтжанов.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов жуырда Ресейде өткен Коротков турнирінде алтын медаль жеңіп алған болатын.