18.03.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ұлттық құрама мен клубтың ойыны толықтай бір-біріне ұқсамайды – спорт журналисі Марғұлан Жақып

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Ұлттық құрама мен клубтың ойыны толықтай бір-біріне ұқсамайды – спорт журналисі Марғұлан Жақып

Футболда команданың ойын үлгісіне тактика мен стратегия ғана емес,  құрамында сан бойынша басымдыққа ие, белгілі бір клубтың бірнеше ойыншылары әсер етеді. Неліктен кейбір ұлттық құрамалар жетекші клубтардың ойын үлгісін қолданады, ал басқалары оны өз философиясына бейімдейді?

Sport Pulse порталының сауалына спорт журналисі Марғұлан Жақып жауап берді.

«Ұлттық құрамалар толықтай клубтардың ойын үлгісін қолданбайды. Өйткені олардың бапкерлері әртүрлі, демек, футболға деген көзқарастары мен тактикалық тәсілдері де өзгеше. Әр бапкер футболшыларын қалауынша қолданады. Сондықтан клуб пен ұлттық құраманың ойын үлгісі толықтай бір-біріне ұқсайды деп айтуға келмеді.

Алайда, егер ұлттық құрамаға белгілі бір клубтың аяқдопшылары көптеп шақырылса, бұл команда ойынына әсер етеді. Мысалы, «Барселона» үстемдік құрған кезеңде Испания құрамасы да каталондықтардың үлгісін қолданып, өнер көрсетті: допты бақылау және қысқа пастар – бұған Иньеста, Хави және Бускетс үлкен үлес қосты. Сол кездегі ұлттық құраманың стилін, клубтың футболына ұқсатуға болады.

Бірақ жалпы алғанда, толықтай клубтың ойынын көшірген, қайталаған құрамалар жоқтың қасы. Әр бапкер жүйені өз қалауына қарай құрады, ойыншылардың мықты тұстарын өз тактикалық идеяларына бейімдейді».

Ұлттық құрамалар деңгейіндегі футбол – бұл аяқдопшылардың дағдылары ғана емес, күрделі бейімделу процесі. Клубтық ойын үлгісі құраманың ойынына әсер ете ме? Әрине. Бірақ, команданың соңғы шешімін, жеке философиясы бар бапкер және қол астындағы ойыншылары қабылдайды.

Бұған дейін, Марғұлан Жақып Қазақстан құрамасының айқын көшбасшысы бар ма, деген сұраққа жауап берді.