05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ұлттық құрамадағы Freedom QJ League түлектері

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Али Алиев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін ұсынды.

36 ойыншының қатарында Freedom QJ League-да ойнаған екі футболшы да бар.

«Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев пен даниялық «Кеге» командасында өнер көрсететін Дулат Талыспаев ұлттық құрамаға шақырту алды.

Дулат Талыспаев бұған дейін «Атырау» сапында көзге түссе, Дастан Сәтпаев алматылық клубтың негізгі құрамына енген жас таланттардың бірі.

Наурыз айында Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойын өткізеді.