05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ұлттар лигасы: Криштиану Роналду командасын финалға алып шықты

Ұлттар лигасы: Криштиану Роналду командасын финалға алып шықты
UEFA Ұлттар лигасының жартылай финалында Португалия Германияны жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Мюнхен қаласындағы «Альянц Арена» стадионында өткен ойын 1:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Кездесудің есебін 48-минутта Германия ойыншысы Флориан Вирц ашты. Араға 15 минут салып ойынға тыңнан қосылған Португалия шабуылшысы Франсишку Консейсау таблодағы көрсеткішті теңестірді. Көп ұзамай 68-минутта Криштиану Роналду гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, Португалия құрамасы Ұлттар лигасының финалына жолдама алды. Енді Роналду бастаған ұжым ақтық матчта Испания – Франция жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің чемпионы 8 маусым күні анықталады.