20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Украиналық файтер Даныло Воеводкин допинг үшін екі жылға шеттетілді

Combat Sports Anti-Doping (CSAD) ұйымы украиналық файтер Даныло Воеводкиннің ісі бойынша шешім шығарды. Спортшы UFC-тің антидопингтік саясатын бұзғаны үшін екі жылға дисквалификацияланды.

Вильнюсте жарыстан тыс жүргізілген допинг-тест кезінде Воеводкиннің ағзасынан мельдоний табылды. Бұл зат UFC тыйым салған гормондық және метаболикалық модуляторлар тізіміне кіреді.

«Воеводкин Dana White Contender Series турнирі арқылы UFC-мен келісімшартқа отырғаннан кейін допинг қолданған», – делінген ресми мәлімдемеде.

Тергеу барысында дисквалификация мерзімін қысқартуға негіз болатын жеңілдететін жағдайлар анықталған жоқ.

Спортшының шеттетілу мерзімі 2023 жылдың қарашасынан басталып, 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.

Допингке қарсы тестілеу процедураларын әлем бойынша 5000-нан астам сынама жинау маманы бар Drug Free Sport International ұйымы жүргізген.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!