08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC жұлдызы жаңа рөлде дебют жасайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
UFC жұлдызы жаңа рөлде дебют жасайды

Жақында ғана мансабын аяқтаған UFC жұлдызы Дастин Порье октагоннан тыс өмірін бастады. MMAJunkie ақпаратына сүйенсек, ол UFC-мен әріптестігін жалғастырып, жаңа рөлде — аналитик ретінде алғаш рет көрермен алдына шықпақ.

Порье UFC 319 турнирінде студиялық талдау жүргізеді. Чикагода өтетін бұл кеште ол Чейл Соннен, Энтони Смит және Майкл Кьезамен бірге жұмыс істейді. Бұл төрттік те UFC жанкүйерлеріне жақсы таныс — барлығы бір кездері титул үшін таласқан тәжірибелі спортшылар.

Турнирдің басты жекпе-жегі — Хамзат Чимаев пен Дрикус дю Плесси арасындағы айқас. Кеш Астана уақытымен 16 тамыздан 17-сіне қараған түні өтеді.

Еске салайық, Дастин Порье кәсіби мансабын Ислам Махачевтен жеңілген соң, 2025 жылдың жазында ресми түрде аяқтаған болатын.