20.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC жұлдызы Пэдди Пимблеттпен айқасқысы келеді

UFC жұлдызы Пэдди Пимблеттпен айқасқысы келеді

UFC-дің топ-жарған спортшысы Арман Царукян алдағы жекпе-жекке қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемге танымал файтер соңғы рет октагонға өткен жылдың сәуірінде шыққан. «Топурия қаңтар–ақпанда оралғысы келеді. Ал мен ұзақ уақыт төбелеспедім, сондықтан қазан–қарашада айқасуым керек деп ойлаймын. Кеше бастықтармен сөйлестім, олар Абу-Дабиде немесе Катарда жекпе-жек ұйымдастыруы мүмкін деді. Қарсылас ретінде Гейджи, Хукер немесе Пэдди Пимблетт қарастырылып жатыр. Ал менің қалауым – Пэдди. Шығып, оны нокауттап, ары қарай жүру», – деді Царукян.

Айта кетейік, Арман Царукян ММА-да 25 кездесу өткізіп, 22 рет жеңіске жеткен.