Оқу уақыты: 1 мин

UFC жауынгері Бекзат Алмахан промоушендегі мансаптық жоспарлары туралы айтты

UFC жауынгері Бекзат Алмахан промоушендегі мансаптық жоспарлары туралы айтты

Қазақстандық жауынгер Бекзат Алмахан UFC-дегі мансаптық жоспарларымен бөлісті.

Мен рейтингтің жоғарғы қатарына асықпаймын — бәрі жоспарға сай, қадам-қадаммен баяу жүреді. Деңгейімді біртіндеп көтеремін, бірден бірінші орынға ұмтылмаймын. Жоғарғы қатарға кіретін уақыт әлі келеді

Екі апта бұрын Монреальдағы UFC 315 турнирінде Алмахан әсерлі жеңіске қол жеткізді — ол канадалық Брэд Катонаны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Умар Нурмагомедовке қарсы өзінің дебюттік жекпе-жегінде қазақстандық ұпай бойынша жеңілді, бірақ қарсыласын нокдаунға түсіруге қол жеткізді.