10.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC ұйымы жаңа маусымға күнтізбе мен жоспарларын жариялады

UFC ұйымы жаңа маусымға күнтізбе мен жоспарларын жариялады

UFC ұйымы 2026 жылы өтетін турнирлердің жаңартылған күнтізбесін жариялады. Paramount компаниясымен жасалған жаһандық телехабар тарату келісімі іс-шаралар санына әсер етпейді — ұйым бұрынғы қарқынмен жұмыс істей береді.

Жарияланған мәліметке сәйкес, 2026 жылы UFC 13 нөмірленген турнир (PPV) және 30 апталық іс-шара (Fight Night) өткізуді жоспарлап отыр. Жалпы саны — 43 турнир, бұл 2025 жылмен салыстырғанда бір іс-шараға артық.

Айта кетейік, пандемия кезеңінен бастап ұйым маусым сайынғы іс-шаралар санын тұрақты деңгейде сақтап келеді.

Жаңа жылдың алғашқы турнирі — UFC 324, ол 24 қаңтарда Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.