Оқу уақыты: 1 мин

UFC турниріне 1 ай қалды: Азат Мақсұм октагонға оралады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
UFC турниріне 1 ай қалды: Азат Мақсұм октагонға оралады

21 маусым күні Әзербайжан астанасы Баку қаласында «UFC on ABC» турнирі өтеді. Бұл – Орталық Азия жанкүйерлері үшін маңызды жекпе-жек кеші болмақ.

🇰🇿 Қазақ жанкүйерлері үшін басты жаңалық – Азат Мақсұмның кезекті жекпе-жегі. Ол бұл жолы ресейлік файтер Тагир Уланбековке қарсы шығады.

Азат үшін бұл – UFC-дегі кезекті жеңіс үшін маңызды қадам. Екі мықты спортшы арасындағы шайқас нағыз тартысты болары сөзсіз.