Оқу уақыты: 1 мин

UFC президенті «Канело» мен Кроуфорд арасындағы жекпе-жектің промоутері болмайды

UFC президенті «Канело» мен Кроуфорд арасындағы жекпе-жектің промоутері болмайды

UFC президенті Дана Уайт Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы көптен күткен жекпе-жектің промоутері болмайтыны ресми түрде хабарланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Сауд Арабиясындағы ең ірі спорттық жобаларды ұйымдастырушылардың бірі Турки Әл аш-Шейх мәлімдеді:

«Канело мен Кроуфорд арасындағы жекпе-жекке енді Sela компаниясы промоутерлік етеді. Трансляция жасайтын арна әзірге белгісіз. Дегенмен кездесу 13 қыркүйек, сенбіге жоспарланған. Жақын арада тағы да жаңалықтар жарияланады», – деді ол.

Бұған дейін Дана Уайт араб инвесторларымен бірге TKO Boxing атты жаңа ұйым құрған болатын. Аталған ұйым құрамына Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусинов те кірген еді.

Айта кетейік, абсолютті чемпиондар жекпе-жегі 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.