15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC on ESPN 69: Бонус алған файтерлер тізімі шықты

UFC on ESPN 69: Бонус алған файтерлер тізімі шықты

15 маусымға қараған түні Атлантада (АҚШ) өткен UFC on ESPN 69 турнирінің ұйымдастырушылары турнирдегі үздік өнер көрсеткені үшін берілетін бонустардың жеңімпаздарын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кештегі үздік жекпе-жек» бонусын — $50 000 — шоудың басты жекпе-жегінің қатысушылары: Камару Усман мен Хоакин Бакли алды. Естеріңізге сала кетейік, Усман қарсыласын төрешілержеңісімен жеңген еді.

«Кештегі үздік өнер» бонустары Малколм Уэллмейкер мен Хосе Очоаға берілді.