Оқу уақыты: 1 мин

UFC файтері Бекзат Алмахан Брэд Катонамен болатын жекпе-жекке дайындық туралы айтты

UFC файтері Бекзат Алмахан Брэд Катонамен болатын жекпе-жекке дайындық туралы айтты

Бекзат Алмахан UFC-дегі екінші жекпе-жегіне — Монреальдағы UFC 315 турнирінде канадалық Брэд Катонамен болатын айқасқа дайындалуда, деп хабарлайды Shaiba.kz.

«UFC Qazaqstan» YouTube-арнасына берген сұхбатында қазақстандық файтер алдағы қарсыласы туралы ойымен бөлісті:

«Катонамен бұрыннан таныспыз — ол Алматыда Brave ұйымдастырған Octagon турнирінде өнер көрсетті, сол жерде чемпион болған. Мен оның барлық жекпе-жектерін зерттедім және оның стилін білемін. Ең жақсы формамда кез келген қарсыласты жеңе аламын»

Еске сала кетейік, UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде — шамамен бір жыл бұрын — алматылық файтер ресейлік Омар Нұрмағомедовтен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген болатын.