17.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC экс-чемпионы Стрикленд Белал Мухаммадқа қарсы шықты

UFC экс-чемпионы Стрикленд Белал Мухаммадқа қарсы шықты

UFC-дің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Шон Стрикленд жекпе-жек ұйымдастыруды ұсынып, Белал Мухаммадқа үндеу жасады — деп хабарлайды Helen Yee YouTube арнасы.

«Белал, біз мұны ақыры жасай аламыз. Сен белбеуіңнен айырылдың, мен сияқты жеңілдің. Біз бұл жекпе-жекті өткізуіміз керек. Мұны Палестина үшін жаса», — деді Стрикленд.

Екі спортшы да ұқсас жағдайда — Стрикленд төрешілердің бөлінген шешімімен Дрикус дю Плессиге жеңілсе, Мухаммад жартылай орта салмақтағы белбеу үшін Джек Делла Маддаленадан жеңілді.

Соңғы жекпе-жекте Мухаммад ауыр жарақат алды — мұрны, көз шарасының сүйегі сынып, ерні жарылды.

«Алланың жоспары — әрқашан ең жақсысы. Мен бұрын да осында болғанмын және қайта ораламын», — деп өз жеңілісін түсіндірді Мухаммад.