Оқу уақыты: 1 мин

UFC экс-чемпионы Стерлинг Астанада Ахметовпен кездеседі

UFC экс-чемпионы Стерлинг Астанада Ахметовпен кездеседі

ONE Championship мәліметі бойынша, UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Алджамейн Стерлинг қазақстандық спортшы Қайрат Ахметовпен Alash Pride 108 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді.

Грэпплинг бойынша жекпе-жек 27 мамырда Астанада өтеді — спортшылар жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасады.

Қайрат «The Kazakh» Ахметов (24-3) ONE Championship-тің бұрынғы ең жеңіл салмақтағы чемпионы, ал оның қарсыласы Стерлинг (24-5) — UFC-дің бұрынғы чемпионы, ол 2021 жылдан 2023 жылға дейін титулды иеленіп, белбеуді үш рет сәтті қорғаған.

Атап өтерлігі, америкалық спортшы қарсыласының дисквалификациясынан кейін чемпиондық атаққа ие болған UFC тарихындағы алғашқы файтер болды.