27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC экс-чемпионы реваншқа қатысты пікір білдірді

UFC экс-чемпионы реваншқа қатысты пікір білдірді

UFC-дің бұрынғы орта салмақтағы чемпионы, нигериялық Исраэль Адесанья америкалық Шон Стриклендпен мүмкін болатын реванш жайлы пікірін білдірді.

«Егер бір істі дұрыс жасағың келсе, оны басынан дұрыс істеу керек. Мен Шоннан жеңілгеннен кейін осыны түсіндім. Қазір ол өз өмірінде басқа істермен айналысып жүр, қаласаған табысын тапты. Ал мен күткім келмейді, әрі қарай жылжып, тек айқасқым келеді», – деді Адесанья.