17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC-дің жетінші нөмірі жаңа чемпион Хамзат Шимаевқа қарсы шықты

UFC-дің жетінші нөмірі жаңа чемпион Хамзат Шимаевқа қарсы шықты

Carlos Contreras Legaspi твиттерінің мәліметі бойынша, UFC орта салмақ дивизионының жетінші нөмірі Энтони Эрнандес жаңа чемпион Хамзат Шимаевты жекпе-жекке шақырды.

«Маған онымен жекпе-жек ұйымдастырыңыздар. Мен күресе аламын, менде джиу-джитсу бар. Мен осының бәрін тоқтатып, оны жаба аламын. Менің төзімділігіммен мен оны батырамын. Уәде беремін», – деді Эрнандес.

Айта кетейік, Хамзат Шимаев жақында UFC 319 турнирінде Дрикус дю Плессиді жеңіп, орта салмақтағы чемпиондық атаққа ие болған еді.