Оқу уақыты: 1 мин

UFC-дің бұрынғы жауынгерлері Астанада кездеседі

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
UFC-дің бұрынғы жауынгерлері Астанада кездеседі

Дамир Исмагулов 27 мамыр күні Астанада өтетін «Alash Pride 108» турнирі аясында 41 жастағы бразилиялық Алан Патрикпен жекпе-жек өткізеді.

Бразилиялық файтер Алан Патрик кәсіби мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, 15 жеңіске жеткен, 4 рет жеңілген.
Ал Дамир Исмагуловтың рекорды — 26 жеңіс, 3 жеңіліс.

Бұл кездесу UFC-де өнер көрсеткен екі мықты файтердің тартысты текетіресі болмақ. Турнир Қазақстан ММА жанкүйерлері үшін үлкен қызығушылық тудыруда.