11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC-дің бұрынғы чемпионы жоғары салмақ жауынгерлерін сынады

UFC-дің бұрынғы чемпионы жоғары салмақ жауынгерлерін сынады

UFC-дің уақытша ауыр салмақ чемпионы Том Аспиналл дивизиондағы тоқырау мен Джон Джонспен жекпе-жек жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Ауыр салмақта бәрі тоқтап қалған. Бұл – нағыз ессіздік. Бірақ мұнда жоғары жақтағы саясат көп, менің қолымнан келер ештеңе жоқ», – деді британиялық спортшы Red Corner басылымына берген сұхбатында.

Аспиналл Джон Джонстың өзімен кездесуінен әлі күнге дейін жалтарып жүргенін де ашық айтты: «Ол – керемет файтер. Бірақ үш жыл бойы Фрэнсис Нганнумен айқастан қашты. Енді тура солай менімен кездесуден жалтарып жүр. Дегенмен жұртты алдай біледі – бұл оның ақылдылығының дәлелі. Бұл – шындық».

Сондай-ақ Том Джонстың қазіргі кезде ауыр әрі маңызды жекпе-жектерден бойын аулақ салып жүргенін айтты: «Иә, меніңше, ол қиын қарсыластардан қашады. Мен оны түсінемін, құрметтеймін де. Бірақ бұл – ақиқат».