20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC-де бразилиялық джиу-джитсудан жаңа турнир басталды

UFC-де бразилиялық джиу-джитсудан жаңа турнир басталды

UFC APEX-те әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Майки Мусумеси мен жұлдызы жанған Рериссон Габриэль басқарған командалар бразилиялық джиу-джитсудан жарысқан жаңа UFC BJJ: Road to the Title турнирі басталды.

Турнир UFC президенті Дана Уайттың құттықтау сөзімен ашылды — содан кейін капитандар жеңіл және орта салмақ дәрежесі үшін өз командаларының құрамын жасақтады.

Алғашқы ширек финалдық жекпе-жектердің нәтижелері:

  • Орта салмақта Эндрю Такетт артынан буындырып Аарон Уилсонды жеңді
  • Жеңіл салмақта Исаак Додерлейн төрешілердің шешімімен Кит Крикорианнан басым түсті
  • Дэвис Асаре 66 секундта аяққа ауыртып Остин Орандейді берілуге мәжбүр етті
  • Карлос Энрике анаконда буындыруымен Джанни Гриппомен жекпе-жекті аяқтады

Мусумеси командасы көш бастап тұр — өткен төрт ширек финалдың үшеуінде жеңіске жетті. Алда екі салмақ дәрежесінде қалған жартылай финалистерді анықтайтын тағы төрт жекпе-жек күтіп тұр.