11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

UFC чемпионы Топурия кәсіби бокска көшуді көздеп отыр

UFC чемпионы Топурия кәсіби бокска көшуді көздеп отыр

The Ring мәліметінше, UFC жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Илия Топурия — кәсіби бокс ережелері бойынша жекпе-жек ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр.

Мен өзім үшін жаңа бір нәрсе ашқым келеді. Егер мұны істейтін болсам, қазір ең қолайлы уақыт. Мүмкін, мен UFC-тің бокстан әлем чемпионы атанған алғашқы файтері боламын. Кеттік, Турки Аль эш-Шейх! Бұл маған ұнар еді – тамаша тәжірибе болар еді

Айта кетейік, бір жарым ай бұрын Топурия UFC жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуді жеңіп алды — ол UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегінде Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутпен жеңді.