21.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

UFC 314: Волкановски мен Лопес чемпиондық белбеу үшін кездеседі

UFC ресми мәліметіне сәйкес, 12 сәуірде Майамидегі «Кейсия-орталығында» UFC 314 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы бос чемпиондық белбеу үшін Александр Волкановски (26-4) мен Диего Лопес (26-6) кездеседі.

Қосалқы басты оқиғада жеңіл салмақтың жетінші нөмірі Майкл Чендлер (23-9) мен он екінші нөмірі Падди Пимблетт (22-3) бес раундтық жекпе-жек өткізеді.

Турнир картасына Яир Родригес – Патрисио Питбуль, Джефф Нил – Карлос Пратес, Никита Крылов – Доминик Рейес, Ян Сяонань – Вирна Жандироба жекпе-жектері де енді.

Ерте прелимдер ESPN+ Disney+ және UFC Fight Pass арқылы шығыс уақытымен кешкі 6-да басталады, ал негізгі кард 10-да өтеді. Билеттер ертең таңғы 10-да Ticketmaster.com-да сатылымға шығады.