31.10.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек өтпейді

Sports.kz хабарлауынша, UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммед пен қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов арасындағы көптен күткен жекпе-жек жоспарланған мерзімде өтпейтін болды. 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болуы тиіс болған жекпе-жек Мұхаммедтің қатыспауына байланысты тоқтатылды. Америкалық спортшының шықпау себебі әлі ашылған жоқ.

Итальяндық инсайдер Аль Зуллиноның мәліметінше, UFC басшылығы кештің басты оқиғасына лайықты ауыстыруды шұғыл іздестіруде. Қазіргі уақытта Рахмоновқа желтоқсан айына жаңа қарсылас табыла ма, әлде оның жекпе-жегі кейінге шегеріле ме – бұл әзірге белгісіз.

Айта кетсек, қазақстандық жауынгер өткен жылдың желтоқсан айынан бері октагонға шыққан жоқ. Соңғы жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Жекпе-жектің кейінге қалдырылуы жанкүйерлерді Рахмоновтың UFC-дегі болашағы туралы белгісіздікке қалдырды. Енді аралас жекпе-жек жанкүйерлері Рахмоновтың жаңа қарсыласы немесе жекпе-жектің жаңа күні туралы жаңалықтарды асыға күтуде.