Оқу уақыты: 1 мин

Уэйн Руни ВАР шешімін қатаң сынға алды: «Бұл 100% қызыл қағаз»

Уэйн Руни ВАР шешімін қатаң сынға алды: «Бұл 100% қызыл қағаз»

BBC мәліметінше, Уэйн Руни Англия Кубогының финалында «Кристал Пэлас» пен «Манчестер Сити» арасындағы даулы эпизодқа байланысты ВАР жүйесін қатаң сынға алды.

24-минутта «Пэлас» 1:0 есебімен алда тұрғанда, қақпашы Дин Хендерсон айып алаңынан тыс жерде қолмен ойнап, Эрлинг Холандтың гол соғуына кедергі келтірді.

— Бұл 100% қызыл қағаз. Холанд қақпашыдан өтпек болды, ал Хендерсон допты қолмен қағып жіберді. ВАР бұны қалай өткізіп жіберді? Олар қателесті де, енді соны жасыруға тырысуда. ВАР-дан құтылу керек, — деді Руни.

ВАР өкілдері өз шешімін Холандтың қозғалыс бағыты нақты гол соғу мүмкіндігін білдірмегенімен түсіндірді. Алайда бұл пікір қоғамдық резонанс тудырды, Руни бастаған сыншылар ВАР жұмысына сенімнің әлсірегенін алға тартуда.